00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қапшағай су қоймасында 12 балықшы құтқарылды

31.03.2023 | 23:56
Елорда ақпарат
51

5 наурызда сағат 15.44-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Қапшағай су қоймасында "Голубой залив" құмды жағажай ауданында мұз жарылып, сынған мұз кесегі жағадан алыстап бара жатқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлады Elorda.info ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Оқиға орнына дереу Қонаев қаласындағы жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жіберілген.

Шақыру орнына барған кезде балықшылар жағадан 30 метр қашықтықта мұздың сынған бөлігінде екені анықталды. ТЖД құтқарушылары мұздың сынған бөлігіндегі барлық балықшыларды жүзу құралдарының көмегімен жағаға эвакуациялады. Құтқарылған азаматтардыі барлығы Алматы қаласының тұрғындары екені анықталды. Балықшылар құтқарушыларға алғыстарын білдірді.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері мұз асты балық аулау әуесқойларымен су айдындарында қауіпсіздік ережелерін түсіндіре отырып, профилактикалық іс-шаралар өткізетінін айтты.

Барлық жаңалықтар