00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Birgemiz: Qamqor» жобасы аясында 3 мың қарияға қолдау көрсетілді

31.03.2023 | 23:24
Елорда ақпарат
47

Елімізде «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы жалғасуда, деп хабарлады Elorda.info.

Үш жылдық «Birgemiz: Qamqor» жобасы қарттар үйлері мен халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне қарасты әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтардың тұрғындарын қолдауға бағытталған.

2022 жылы «Birgemiz: Qamqor» жобасын ұйымдастырушылар әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында жұмыс істеуге ниетті 1000 еріктіні арнайы оқытудан өткізді.

Сондай-ақ, шағын гранттар конкурсының нәтижесінде 30 жеңімпаз өздерінің волонтерлік бастамаларын жүзеге асырды.

«Birgemiz: Qamqor» әлеуметтік жобасын іске асыру биыл да жалғасады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәстүр бойынша жалғызбасты қарттарға көмек көрсету және еріктілерді әлеуметтік өмірге тарту мақсатында түрлі бастамаларды қолдауға бағытталған шағын гранттар конкурсы биыл да өтеді.

Жоба аясында осы жылы 300 мың теңге мөлшеріндегі 30 шағын грант бөлінеді деп күтілуде.

Сондай-ақ, жоспарға сәйкес жобаға бір жыл ішінде кемінде 2 мың волонтёр тартылмақ.

Айта кетейік, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Birgemiz: Qamqor» әлеуметтік жобасы 2024 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады.

Жоба операторы – ҚР АҚДМ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы.

Барлық жаңалықтар