00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстанда құтқарушылар саны артады – Әлихан Смайылов

31.03.2023 | 22:57
Елорда ақпарат
51

Үкімет «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Құжатқа сәйкес, елімізде ТЖМ-нің жаңа әскери бөлімі құрылды. Ақтөбе қаласында орналасқан жаңа бөлімнің штатында 880 адам жұмыс істейді.

ТЖМ қызметтерінің штат саны да көбейеді. Өрт сөндіру бөлімшелері 380 адам, құтқару станциялары 220 адам, Апаттар медицинасы орталығы 94 адам, «Қазселденқорғау» мекемесі 39 адаммен толығады.

Осы шаралардың барлығы төтенше жағдайлар бойынша жедел әрекет ету деңгейін, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізудің тиімділігін, елдің өрт қауіпсіздігін, шұғыл медициналық көмек көрсетуді, сондай-ақ азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері мен селден қорғау құрылыстарының толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді.

Үкімет осы бағыттағы жұмысын жалғастырады. Біз жедел қызметтерді материалдық-техникалық жарақтандыру, құтқарушылардың еңбекақысын көтеру жөнінде шараларды одан әрі де қабылдаймыз, – деп жазды Ә.Смайылов.

Барлық жаңалықтар