00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Еліміздің барлық мектептерінде қауіпсіздікті тексеру жұмысы жүргізіледі – министрлік

31.03.2023 | 22:56
Елорда ақпарат
44

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың тапсырмасы бойынша Петропавл қаласындағы мектепте  болған оқиғаға қатысты комиссия құрылды, деп хабарлады Elorda.info.

Оның құрамында балалардың құқықтарын қорғау Комитеті, білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының өкілдері бар.

Айта кетейік, мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін орнатылған бейнебақылау камералары мен дабыл түймесі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сонымен қатар, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінде қауіпсіздікті тексеру жұмысы тапсырылды.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 30 наурызында білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Министрлік білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітті.

Барлық жаңалықтар