00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ауа үшін салық салу енгізілетіні рас па

31.03.2023 | 22:50
Елорда ақпарат
47

Қазақстандық Telegram-арналарда жақын арада барлық адам CO2 шығарындыларына салық төлеуге міндетті болатыны туралы ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Elorda.info Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. 

CO2 және басқа парник газдар салығы кейбір мемлекеттерде бұрыннан бар. Оның мөлшері әр елде әртүрлі, бірақ барлық жерде оны көмір, табиғи газ, мұнай және басқа көміртегі қазбаларын жағатын компаниялар ғана төлейді. Бұл салық қарапайым азаматтарға салынбайды. 

Дегенмен, климаттың өзгеруіне алаңдайтын қарапайым азаматтар көміртегі ізін өтеуге тырысуы мүмкін. Көміртегі ізі - бұл адамның немесе кәсіпорынның өміh белсенділігі нәтижесінде шығарылатын барлық парник газдың мөлшері.

Кейбір елдерде компанияларға көміртегі несиелерін сатып алуға рұқсат етілген. Осындай бір несие кәсіпорынға бір тонна парник газsy шығаруға мүмкіндік береді. Несиемен рұқсат етілген мөлшерден артық газ шығаруға тыйым салынады. Егер компания рұқсат етілгеннен аз СО2 шығарса, онда қалған несиені ол мұқтаж басқа компанияға сата алады. Мұндай жүйе шығарынды санын нақты бақылауға және ірі кәсіпорындарды шығарындыларды азайтуға тартуға мүмкіндік береді. 

Бұл елдердегі қарапайым азаматтар да өздерінің көміртегі ізін өтеу үшін көміртегі несиелерін ала алады. Бірақ бұл міндетті емес. Бұл адамдардың қалауына байланысты.

Мұндай жүйе әлі жетілмеген және мамандар оны қолдануда сақ болуға шақырады. Дүниежүзілік экономикалық форумның сайтында мұндай көміртекті несиелер, егер оларды сату және сатып алу жүйесі дұрыс құрылмаса, гринвошингтің - тауарларды немесе компанияларды «экологиялық» деп негізсіз атаудың құралына айналуы мүмкін деп жазылған.

Қорыта айтқанда, азаматтар үшін міндетті CO2 салығы жоқ. Оны төлей алмайтын адамдар одан әрі өмір сүре алмайды деген теория негізсіз.

 

Барлық жаңалықтар