00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қай өңірдің тұрғындары Конституциялық cотқа жиі жүгінеді

31.03.2023 | 22:36
Елорда ақпарат
28

Қаңтар айында Конституциялық бақылау органына 800-ден астам өтініш түсті, деп хабарлады Elorda.info Конституциялық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең көп өтініш Астана және Алматы қалаларының, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының тұрғындарынан қабылданған.

Өтініш берушілердің басым бөлігі (36%) әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша шығарылған сот актілерімен келіспей шағымданған. Кейінгі кезекте – зейнетақы саласына қатысты өтініштер (17%). Ал құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келетін тұстарына шағым саны 14 пайызды құрады.

Бұлардан бөлек, аталғандармен қатар, азаматтардан еңбек және тұрғын үй заңнамасы, әлеуметтік қамсыздандыру, ақпаратқа қол жеткізу және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы нақты жағдайларға байланысты өтініштер түскен.

Барлық жаңалықтар