00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Димаш Құдайберген кіндік әке атанды (ФОТО)

31.03.2023 | 22:25
Елорда ақпарат
49

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген бір-біріне деген шынайы махаббатымен көптің көңілінен шыққан Марлен мен Анельдің Дінмұхаммед есімді ұлына кіндік әке болды, деп жазады Elorda.info.

Баламыздың кіндік әкесімен алғашқы сурет. Біздің Димаштың кіндік әкесіне көп рахмет! Димаш сияқты ел сыйлайтын, адал жан болсын, - деді Марлен мен Анель Instagram-парақшасында.

Оқи отырыңыз: «Маған зиянын тигізе бастады»: Димаш Құдайберген күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Айта кетейік, Марлен мен Анель арасындағы махаббат хикаясын көпшілік білсе керек. Анел 16 жасында қатты сырқаттанып, бірнеше жыл өмір мен өлімнің арасында болды. Осы жылдар ішінде сүйіктісі Марлен оның жанынан бір қалмай, қамқор болып жүрді. Тіпті 10 келі болатын оттегі баллонын көтеріп жүрді. Сондай-ақ ол ғашығымен бірге ауруханада жатып, барлық уақытта жанынан табылды. Кейін қос ғашық әнші Ернар Айдардың «Күнім, сен сөнбеші» атты бейнебаянына түсті.

Еске салсақ, дәрігерлер бірнеше жыл ауыр дертпен күрескен бойжеткен ана бола алмайтынын айтқан еді.

Барлық жаңалықтар