00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Енді орталық жылу желісіне өз бетінше қосылған азаматтарға айыппұл салынады

31.03.2023 | 22:06
Елорда ақпарат
55

Енді орталықтандырылған жылу желілеріне өз бетінше қосылған жеке тұлғаларға 172 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістің қарауына енгізілген «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында жазылған, деп хабарлады Elorda.info.

Депутаттардың талқылауына берілген құжатта Әкімшілік кодекске «Жылумен жабдықтау жүйелерінің жылу жүйелеріне өз бетінше қосылу» туралы 309-1-бабын енгізу ұсынылған.

Жалпыға ортақ пайдаланылатын орталықтаңдырылған жылумен жабдықтау жүйлеріне өз бетінше қосылған жеке тұлғаларға - 50, кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын заңды тұлғаларға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 100, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 500 АЕКмөлшерінде айыппұл салынады.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет үшін жеке тұлғаларға – 100, кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын заңды тұлғаларға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 200, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 500, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1 000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, - делінген жаңа заң жобасында.

Барлық жаңалықтар