00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Зергерлер қосымша құн салығынан уақытша босатылады

31.03.2023 | 21:59
Елорда ақпарат
38

Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Әлихан Смайыловтың жолдаған жауабында айтылған, деп хабарлады Elorda.info.

Салық кодексіне 2023 жылы отандық зергерлерді алтын мен күмісті өткізуден түсетін қосымша құн салығынан босату бөлігінде толықтырулар енгізілді. Оң нәтиже болған жағдайда норманың қолданылу мерзімі ұзартылады. Зергерлік бұйымдарды өндірушілерге бағалы металдарды сату тәртібін тікелей шарт негізінде немесе тауар-шикізат биржасы арқылы құнынан 15% алдын ала төлеммен және төлемді 180 күнге кейінге қалдыру шартымен енгізу мәселесі қосымша пысықталуда, - делінген Үкімет басшысының жауабында.

Оның жауабында көрсетілгендей, ломбардтардың зергерлік бұйымдарды, әсіресе қолданылған және сауда-саттықтан кейін өткізілмеген бұйымдарды экспорттауын болдырмау үшін «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Заңға түзету енгізу жоспарланған. Нақтырақ айтсақ, ішкі нарықта өткізілмеген бағалы металдардың аффинаждалған алтын құймаларын Ұлттық Банктің активтеріне есепке жатқызылуы мүмкін.

Кепілге салынған мүлікті өткізу (сату) іс жүргізу заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жария саудаға салып сату арқылы жүргізіледі (Азаматтық кодекстің 319-бабының 1-тармағы). Зергерлік бұйымдар толық өткізілмеген жағдайда ломбардтар оларды қолданылған қайталама шикізат ретінде «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытына өткізуі қажет», - деп жазылған жауапта.

Барлық жаңалықтар