00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жыл басынан бері пойыздар қанша рет шұғыл түрде тоқтаған

31.03.2023 | 21:59
Елорда ақпарат
55

Пойыздар жыл басынан 36 рет шұғыл түрде тоқтаған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствода өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Жыл басталғалы көліктегі полиция департаментінде пойызды шұғыл тежеудің 36 фактісі тіркелді. Оның ішінде адамға қатысты – 7 факті, үй жануарларына қатысты – 26 және стоп-кранды басудың 1 фактісі тіркелді. Сондай-ақ вагондардың рельстен шығып кетуімен байланысты – 1, теміржол бойында бөгде заттың болуына қатысты 1 жағдай болды. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жыл сайын теміржол мен оның маңында адамдар жарақат алып, қаза болу оқиғалары тіркеліп жатады, - деді ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Барлық жаңалықтар