00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Енді темір жол вокзалдарының анықтама қызметіне қоңырау шалу тегін болады

31.03.2023 | 21:58
Елорда ақпарат
21

Биылдан бастап темір жол вокзалдарының анықтама қызметіне ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға болады. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына премьер-министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлады Elorda.info.

«1433» анықтама нөміріне қоңырау шалу құны қалалық нөмірден минутына 0 теңгені, ұялы телефоннан минутына 25 теңгені құрайды. Қазіргі уақытта килентке бағдарлануды арттыру мақсатында «Анықтама қызметін» жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтқанда, 2023 жылдан бастап «1433» анықтама нөміріне қоңырау шалу қалалық және ұялы нөмірден тегін болады, - делінген Үкімет басшысының жауабында.

 

Барлық жаңалықтар