00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде 700-ге жуық жетім бала баспаналы болды

31.03.2023 | 21:34
Елорда ақпарат
50

Жыл басынан бері еліміз бойынша 700-ге жуық жетім бала баспаналы болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту вице-синистрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде соңғы уақытта балалар үйлерінің санының азайып келе жатқанын атап өткен жөн. Ең басты қағида – баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда еліміздегі 22081 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 3790 бала 84 ұйымда тәрбие алып жатса, қалған 18 291-і отбасында тәрбиеленуде. Бұл – өз отбасында бала тәрбиелеуге ықылас білдірген ата-аналар санының өсуінің  нәтижесі. Қазіргі кезде Министрлік денсаулық жағдайына қарамастан барлық балаларды қабылдауға дайын болатын қосымша кәсіби қабылдаушы отбасыларды құру бойынша заңнамалық деңгейде жұмыс жүргізуде, - деді ол.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанованың айтуынша, биыл 4 балалар үйі жабылған.

Барлық жаңалықтар