00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Жаңажылдық мерекелер кезінде қандай ережелерді сақтау керек

31.03.2023 | 21:27
Елорда ақпарат
79

Алда елорда тұрғындарын жаңажылдық мерекелер күтіп тұр, олар, әрине, дәстүрлі шырша мен отшашусыз өтпейді. Мереке жазатайым оқиғалардың көлеңкесінде қалмас үшін мамандар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді. Ол туралы онлайн-брифингте Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

Жаңажылдық іс-шараларды мерекелеу қарсаңында және өрт пен адамдардың жарақаттануының алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету қажет.

Оның ішінде:

- кемінде екі эвакуациялық шығумен қамтамасыз етілген және 2 қабаттан жоғары емес орналасқан үй-жайларды ғана пайдалану;

- жаңажылдық шыршаларды үй-жайдан шығуға кедергі келтірмей, тұрақты негізде орнату керек;

- жарықтандыруды электр қондырғыларын орнату қағидаларының талаптарын сақтай отырып орындау;

- іс-шараларды өткізу кезінде сахнада және залдарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдардың, өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастыру. Іс-шаралар өткізілетін үй-жайларды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету қажет.

Рұқсат етілмейді:

- мерекелік жиындар өткізілетін орындардың терезелерінде торлар болған кезде іс-шаралар өткізу;

- доғалық прожекторларды, шамдарды қолдану, отшашулар және өртке әкелуі мүмкін басқа да өрт қаупі бар жарық шамдарды қолдану;

- отты, бояулы және өзге де жарылу және өртену қаупі бар жұмыс жүргізуге;

- жолдар арасындағы өткелдердің енін қысқартып, өткелдерге қосымша креслолар, орындықтар орнату;

- спектакльдер кезінде ішкі жарықтандыруды толығымен өшіру;

- үй-жайларды белгіленген жобалық құжаттамадан тыс адамдармен толтыру;

- үйде жасалған электр гирляндаларын, жеңіл музыкалық қондырғыларды, электр музыкалық жабдықтарды, шыршаларды айналдыруға арналған құрылғыларды қолдану және шырша гирляндтарының жыпылықтайтын әсерін жасау;

- ашық от көзін қолдана отырып, басқарылмайтын ұшатын фонарьларды пайдалануға және іске қосуға жол берілмейді;

Пиротехникалық өнімдерді қолданғанда ғимаратқа 50 метрге дейін жақын қашықтықта, бастырма және ағаш астында, сондай-ақ желді ауа райында отшашу атуға болмайды.

Кез келген төтенше жағдайда адамдардың өмірін уақтылы эвакуациялау жолымен құтқару маңызды, осыған байланысты эвакуациялық және шығатын жолдардың жағдайына назар аударамыз. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау – өз мүлкін және ең бастысы, адамдардың өмірін сақтауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті спикер.

Барлық жаңалықтар