00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде оң рульді көліктерді біржолғы заңдастыруға мүмкіндік беріледі – ІІМ

31.03.2023 | 21:23
Елорда ақпарат
55

Сенатор Нұрлан Бекназаров Сенаттың жалпы отырысында оң рульді көліктерді біржолғы заңдастыру мәселесін көтерді, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда оң рульді көліктердің жүруіне заңнамалық тыйым салынған. Сонымен қатар, кейбір азаматтар оң рульді шетелдік нөмірлі көліктерді әкеліп, қазір тіркей алмай жатыр.  

Ішкі істер министрлігі өкілі Қайсар Сұлтанбаев бұл мәселе қалай шешілетінін айтты.

Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, оң рульді көлікті біржолғы заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы бойынша заң жобасына біз таяуда ғана ұсыныс енгіздік. Оған сәйкес, оң рульді көліктерді осы біржолғы заңдастыру бойынша арнайы өзгеріс енгізіледі. Бүгінде Қазақстанда мұндай 20 мыңға жуық көлік бар. Бұл ұсыныс енгізіліп, комитетте қолдау тапты. Бұл мәселе шешілді, - деді ол.

Барлық жаңалықтар