00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Қолжетімді спорт» бағдарламасы 20 мыңнан астам адамды қамтиды

31.03.2023 | 21:16
Елорда ақпарат
40

Елде мектеп жасындағы жалпы оқушылардың 61,4% дене шынықтырумен, спортпен қамтылған. Республикамызда балалар мен жасөспірімдердің 652 клубы және 138 дене шынықтыру клубы бар, ондағы балалар мен жасөспірімдердің саны – 200 мыңнан асады. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Былтырдан бастап балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар тетігі бойынша, бүгінде 4 жастан 17 жасқа дейінгі 458 мыңнан астам бала мен жасөспірім 14 652 спорт секциясы мен шығармашылық үйірмелерге тегін барады. 

Аталған тетікті жетілдіру мақсатында министрлік шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына қаржыландыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Еліміздің 7 қаласында «Қолжетімді спорт» бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Аталған бағдарлама 20 мыңнан аса адамды қамтиды. 10 спорт түрі бойынша ұлттық мектеп лигасы ұйымдастырылды. Бұл бағдарлама мектеп жасындағы шамамен 3 млн баланы қамтыды, - деді Н.Дәуешов.

Барлық жаңалықтар