00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қаңтар оқиғасында кәсіпкерлерге 37,5 млрд теңге залал келтірілген

31.03.2023 | 21:06
Елорда ақпарат
34

Қаңтарда наразылықтар жаппай тәртіпсіздікке ұласты, оның барысында бұзақылар мемлекеттік және жеке нысандарды, банктерді, дүкендерді, сауда үйлерін тонап, көлік құралдарын қиратты. Нәтижесінде мемлекеттік органдарға, кәсіпкерлерге және жеке тұлғаларға миллиардтаған залал келтірілді. Оқиғаның қалай болғаны туралы ОКҚ алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Дүйсенбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Тек Алматы қаласында 7 аңшылық дүкендері тоналды, олардан 1 440 дана қару, аңшылық жарақтары мен киімдері ұрланған. Тараз қаласында 3 дүкенге шабуыл жасалған, олардан 206 дана қару ұрланған. Күштік құрылымның ғимараттарына шабуыл жасау барысында 1 288 дана қару ұрланған. Көрсетілген мәліметтер бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне 37,5 млрд теңге залал келтірілген, оның ішінде негізгі бөлігі Алматы қаласында. Онда кәсіпкерлердің 34,3 млрд теңгелік мүлкі бүлінген, жойылған және ұрланған. Сонымен қатар мемлекеттік нысандарға да орасан залал келтірілді. Тек, Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының Полиция департаменттерінің ғимараттарын қалпына келтіруге Үкіметтен 2,7 млрд теңге қаражат бөлінген, – деді Н.Дүйсенбаев. 

Барлық жаңалықтар