00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Жаңа мешітке Әбсаттар қажы Дербісәлінің есімі берілді

31.03.2023 | 20:46
Елорда ақпарат
51

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбсаттар қажы Дербісәлінің есімін республикамыздағы жаңа мешіттің біріне беру жөнінде Төралқа мәжілісінде арнайы қаулы қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, академик, дипломат Әбсаттар қажы Дербісәлінің 75 жылдығы мен мемлекеттік, қоғамдық және діни қызметінің 50 жылдығына арналған «Шығыстану және руханият мәселелері» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады.

Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің есімін республикамыздағы жаңа мешіттің біріне беру жөнінде Төралқа мәжілісінде арнайы қаулы қабылдайтынын жеткіземін. Бұл ұстазымыздың есімін ардақтау жолындағы игі қадамның бірі болмақ. Алла Тағала игі істерімізге мол сауаптан жазсын! - деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Барлық жаңалықтар