00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Екібазтұзда қала тұрғындары жылусыз қалды

31.03.2023 | 20:35
Елорда ақпарат
59

Бүгін түнде сағат 01:20 шамасында Екібастұз ЖЭО-сындағы бір қазандық істен шығып, он минуттан кейін тағы үшеуі тоқтаған, деп хабарлады Elorda.info.

Тұрғындардың айтуынша, қазір үйлердегі ауа температурасы +10 градустан аспайды, ал далада ауа температурасы -35 градусты көрсетіп тұр.

Сағат 01:30-да желілік суды көп тұтынуға байланысты №13, 14, 15 қазандық агрегаттары тоқтап қалды. Қазіргі уақытта №8 және №14 қазандық қондырғылары іске қосылуда. Жөндеу бригадалары ұйымдастырылды. Жақын арада параметрлер қалпына келтіріледі, - деп хабарлады ЖЭО-дан.

Жылу орталығы тұрғындардан құбырлар әлі суымаған, үй жалпы жылу жүйесінен ажыратылмаған болса, жағдайды ушықтырмауды және суды ағызып жібермей тұра тұруды сұрайды.

Барлық жаңалықтар