00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

2023 жылдан бастап қандай көліктердің утильалымнан босатылатыны белгілі болды

31.03.2023 | 20:30
Елорда ақпарат
44

Экология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдері 16 қарашада утилизациялық алым төленетін тауарлар тізімін жариялады, деп хабарлады Elorda.info Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мәлімет бойынша, құжат 2023 жылы қаңтардың ортасында күшіне енеді. Алайда ол жерде Президент заңдастыруды тапсырған шетелде тіркелген көліктердің бұл алымнан босатылатыны жазылмаған.

31 қазанда утиль алымы мен алғашқы тіркеу сомасының орнына 200 мың теңге мөлшерінде бір реттік төлем алынатыны анықталды. Бұл шешім Салық кодексіне өзгеріс енгізу жобасында жарияланған.

Экология министрлігі өкілдері Kolesa.kz редакциясына дайындалып жатқан құжат алдағы бірнеше жыл бойы қолданылатындықтан, тауарлар тізімін өзгертуге болмайтынын хабарлаған.

Ал шетелде тіркелген көлікті заңдастыру жұмысы уақытша мәселе, оған жеке түзету жазылады. Қолда бар ақпарат бойынша, заңдастырылған көліктер 2023 жылы 1 қаңтардан бастап утиль алымынан босатылады.

Барлық жаңалықтар