00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Мектеп оқушысы Ахмет Байтұрсынұлының «40 мысалынан» комикс жасады

31.03.2023 | 20:17
ҒаниАтымтай
60

Ақтөбелік оқушылар еліміздің ақын-жазушыларын насихаттаудың жаңа жолын тапқан. Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Нұршат Жұбаныш Ахмет Байтұрсынұлының «40 мысалына» комикс жасады. Ал тағы екі оқушы еліміздің барлық ақын-жазушыларына қатысты толық ақпарат алуға болатын арнайы қосымша ойлап тапқан, деп хабарлады Elorda.info.

«Астана» телеарнасының мәліметінше, ақтөбелік Нұршат Жұбаныш Ахмет Байтұрсынұлының «40 мысал» жинағына жаңа дем берген. Әзірге бұл комиксте жазушының тек жеті шығармасы бар. Ал болашақта қырық мысалдың барлығын комикске көшіруді жоспарлап отыр.

Биыл Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы. Сондықтан біз оның мысалдарын интерплитациялау арқылы қазақ әдебиетін өзіміз секілді жасөспірімдердің арасында дамытып, оқуға ынтасын туғызғымыз келді. Сонымен қатар қазір комикстер өте жақсы дамып келе жатқан кітап түрі. Жасөспірімдер көп оқиды, – дейді 10-сынып оқушысы Нұршат Жұбаныш.

Комикс арқылы кітап оқуға қызығушылық туғызу керек деген ойды Нұршат жетекшісіне айтқан. Расымен де, жастар кітап түріндегі және электронды нұсқадағы комикстерді ерекше ықыласпен қабылдады.

Қазіргі жастардың ерекшелігі – көп көлемді жазулы кітаптарды оқуға қызықпайды. Себебі бұл заманға келе жатқан өзінің ерекшелігі олардың зейіні тұрақсыздау. Тез жалығып кетеді. Сондықтан сурет, комикс арқылы қызықтыру өзекті деп ойлаймын, - дейді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рабиға Толғанақова.

Ал Айшат Темірбаева мен Асқар Иван жаңа қосымша ойлап тапқан. Смарт гейм қосымшасынан қазақтың ақын-жазушылары туралы ақпарат алуға болады. Әрі қарай сұрақтарға жауап беріп, ойынға да көшу мүмкіндігі бар.

Негізгі мақсат – қазақ даласында туылған не бір ұлы тұлғаларды тарихи тұлғалар туралы жинақ жасау. Яғни, әдебиетте ойып орын алатын тұлғалардың өмірі мен шығармашылығымен жақынырақ таныстыру мақсатында жасалған болатын, – дейді 11-сынып оқушысы Айзат Темірбаева.

Болашақта қосымшаны барлық ұялы телефонға жүктеуге болады. Дарында жастар бұл жобаларды әрі қарай жетілдіре түспек.

Барлық жаңалықтар