00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Риддердегі жылу электр орталығының жұмысы қашан қалпына келеді

31.03.2023 | 19:56
Айман Нығмет
15

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығының жұмысы 9 қарашаға дейін қалпына келтіріледі, деп хабарлады Elorda.info.

ШҚО әкімдігінің мәліметінше,Риддердегі жылу электр орталығы толықтай жұмыс істеуі үшін 9 қарашаға дейін екі насос жөнделеді.

Оқи отырыңыз: Риддерде төтенше жағдай жарияланды

Риддерлік мектеп оқушылары 11 қарашаға дейін қашықтан оқиды

Қазіргі жағдайға келсек, қазандықтар іске қосылуда. №2 төмен қысымды қазандық жұмыс істеп тұр. Барлығы 3 қазандықты жағуымыз керек. Неліктен мұндай төтенше жағдай болды деп бәрі таңырқап жатыр. Бұл жерде бір ғана жауап бар – орталық иелері жөндеу жұмыстарын дұрыс жүргізбеген. Кімнің кінәлі екенін білеміз. Бірақ қазір алдымызда орталықтың жұмысын қалыпқа келтіру міндеті тұр, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, орталықты коммуналдық меншікке қайтару мәселесі қарастырылып жатыр.

Барлық жаңалықтар