00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Риддерлік мектеп оқушылары 11 қарашаға дейін қашықтан оқиды

31.03.2023 | 19:53
Айман Нығмет
39

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы төтенше жағдайға байланысты мектеп оқушылары 11 қарашаға дейін қашықтан оқиды, деп хабарлады Elorda.info.

Риддердегі жылу электр орталығында күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шығып, №1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты жағдайда ажыратылған болатын.

Оқи отырыңыз: Риддерде төтенше жағдай жарияланды

Соның салдарынан жылу тасығыштың температурасы төмендеді. Қазіргі уақытта Риддер қаласының 22 мыңнан астам абонентіне жылу беру азайтылды.

Шұғыл түрде арнайы штаб құрылып, мәселе ШҚО әкімінің бақылауына алынған.

Төтенше жағдайға қарай, Риддер қаласының білім бөлімі басшысы міндетін атқарушының бұйрығымен 7-11 қараша аралығында мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына көшті. Осы уақыт ішінде қаланың мектепке дейінгі мекемелері өз жұмысын тоқтатады, - деп хабарлады ШҚО әкімдігінен.

 

Барлық жаңалықтар