00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ұрлық жасап сотталған ер адам баспаналы болды

31.03.2023 | 19:50
Елорда ақпарат
57

Балаларын асыраймын деп ұрлыққа барған семейлік жалғызбасты әке сотталып, үкімнен кейін үйлі болды, деп хабарлады Elorda.info «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Семейлік Серікжан Аманқұлов екі қыз және екі ұл тәрбиелеп отыр. Үлкені 1-сынып оқиды, ал кішісі – екі жаста. Балалардың анасы кедейліктен шаршағандықтан, отбасын тастап кеткен. Олар мүгедек ағасының және анасының зейнетақысына өмір сүрген. Жағдайы аса мәз болмағандықтан, ер адам аккумулятор ұрлаған. Бұл қылмысы үшін жауапқа тартылып, шартты түрде сотталды.

Мен шарасыздықтан ағаттық жібердім. Қазір қателігімді түсініп, оны түзетіп жатырмын, – деді Серікжан Аманқұлов.

Пробация қызметінің қызметкерлері бұл мәселеге назар аударып, қайырымдылық жасайтын ұйымдар және еріктілермен бірігіп, үш бөлмелі пәтер сыйлады. Тұрғын үйді жабдықтап, несиені өтеуге көмектескен және алдағы қажеттіліктерге жарты миллион теңге аударған.

Әуезов ауданының пробация қызметінің инспекторлары жалғызбасты әкенің әлеуметтік жағдайын талдады.

Оның отбасылық жағдайы нашар болды. Сондықтан қоғамдық қорлар мен еріктілерге жүгіндік, өзіміз де көмектестік. Балаларға азық-түлік, киім-кешек және кеңсе тауарларын сатып алдық. Серікжан енді жүргізуші болып жұмысқа орналасты, – деді Абай облысы бойынша пробация қызметі бөлімінің бастығы Бауыржан Малғаждаров.

Серікжан Аманқұлов енді балаларға анасының қарайтынын айтты. Ол қазіргі жағдайы үшін аса қуанышты екенін жеткізді. 

Барлық жаңалықтар