00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Елордада офицерлер балы өтті

31.03.2023 | 19:31
Елорда ақпарат
46

Ұлттық қорғаныс университетінде Республика күніне орай офицерлер балы өтті, деп хабарлады Elorda.info Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ведомстводан мәлім еткендей, офицерлер балы – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан жақсы дәстүр. Әскери қызметшілер мұнда жаңа қырынан көрінеді. Олар сыпайылық, талғампаздық пен бекзаттық әдептерін паш етеді.

Іс-шараға офицерлер өз жұбайларымен қатысты. Қазылар алқасына Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов төрағалық етті.

Бұл шараны Ұлттық мереке – Республика күніне арнадық. Әскерилер арасындағы офицерлер балы ежелден бекзаттықтың, ханымдарға деген көзқарастың, сүйіспеншілік пен адалдықтың символы болып табылады, – деді ол.

Нәтижесінде Әскери-гуманитария ғылымдары факультетінің мүшелері үздік деп танылды. Жекелеген жұптар «Көркемдік», «Үйлесімділік», «Бірегейлік» және «Грация» аталымдары бойынша марапатталды.

Барлық жаңалықтар