00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Ведомствоаралық жұмыс тобы Астананың тергеу изоляторына барды

31.03.2023 | 19:27
Елорда ақпарат
20

Сапар Бас прокуратураның «Электрондық қылмыстық іс» ақпараттық жүйесін дамыту шеңберінде жүзеге асырылды. Сондай-ақ топ мүшелері Алматы ауданының ІІБ мен сотына барды, деп хабарлады Elorda.info.

Топ құрамына Астана қалалық сотының судьясы Ш. Ерғалиева, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Астана қаласы бойынша басқарма бастығының орынбасары М. Шекимов, Алматы ауданы прокурорының орынбасары Н. Тұрысбеков кірді.

Сапар тергеудің барлық кезеңдерінде практикалық көмек көрсету және істерді сотқа электрондық форматта жіберу үшін жүзеге асырылды.

Іс-шараға қалалық Полиция департаментінің тергеу бөлімшесінің басшылары да қатысты. Кездесу барысында оларды практикалық қолдану үшін орталық ведомстволарға жіберілетін нақты ұсыныстар әзірленді.

 

Барлық жаңалықтар