00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Биыл 16 мыңға жуық жұмысшының құқығы қорғалды

31.03.2023 | 17:47
Елорда ақпарат
39

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Министрліктің мәліметінше, 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 696 кәсіпорнында 17,4 мың жұмысшының алдында 3 млрд 982,1 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 639 нұсқама беріліп, 115,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 15,9 мың жұмысшының құқықтары қорғалды. Оларға 3 млрд 741,6 млн теңге төленді.

Барлық жаңалықтар