00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Байқоңырда ресейлік полицейді жаралаған тұрғын 10 жылға сотталуы мүмкін

31.03.2023 | 17:42
Елорда ақпарат
54

Байқоңырда мас күйі көлік жүргізген ер адам полицейлерге қарсылық көрсетіп, олардың бірін жаралаған, деп хабарлады Elorda.info.

Тергеу барысында анықталғандай, тамыз айында ер адам мас күйінде демалыс орнынан тұрғылықты жеріне жетуге бел байлаған. Ол өзінің «Тойота» автокөлігінің тізгініне отырып, жылдамдықты шектен асырып, Байқоңыр жолдарымен жүрген.

Полицейлер көлікті тоқтату үшін шара қолданған. Соңынан полицияның ілесіп келе жатқанын түсінген ер адам қашып кетпек болған. Үйінің ауласына тоқтап, пәтеріне жүгіріп кірмек болған кезде оны полиция ұстаған.

Ол полицияға белсенді түрде қарсылық көрсете бастады, салдарынан құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің біріне орта дәрежедегі дене жарақаты санатына жататын кесілген жарақат түріндегі дене жарақатын келтірді, – деп мәлімдеді Байқоңыр қаласының прокуратурасы.

Ер адам өз кінәсін мойындап, өкінген. Іс Қазақстанның құқық қорғау органдарына тапсырылды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам - Қазақстан Республикасының азаматы. Кешен прокуроры қылмыстық істі одан әрі қылмыстық қудалау үшін Қазақстанның құқық қорғау органдарына жіберді, – делінген Байқоңыр қаласының прокуратурасы таратқан ақпаратта. 

 

Барлық жаңалықтар