00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Теміржол арқылы жолаушылар тасымалы 33%-ға өсті

31.03.2023 | 17:41
Айман Нығмет
66

Теміржол көлігі кәсіпорындарының табысы 851 миллиард теңгеге жетті. Қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша теміржол тасымалы секторы компанияларының кірістері 15,1%-ға ұлғайды, деп хабарлады Elorda.info.

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, табыстың көп бөлігі дәстүрлі түрде жүк тасымалдау есебінен алынды: 786,4 млрд теңге. Қалған 64,6 млрд теңге жолаушылар тасымалына түсті.

Сегіз айдың қорытындысы бойынша теміржол көлігімен 273 млн тонна жүк тасымалданды. Ең көп жүк Ақтөбе, Ақмола облыстарында және Астана қаласында, ең азы Батыс Қазақстан облысында жөнелтілді.

Қаңтар-тамыз айларында теміржол көлігімен 13,1 млн адам тасымалданды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда бірден 32,6%-ға артық. Өңірлік бөліністе жолаушылардың басым бөлігі елордада, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында, ең азы Батыс Қазақстан облысында болды.

Барлық жаңалықтар