00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде қанша адам тұрғын үй кезегінде тұр

31.03.2023 | 17:39
Елорда ақпарат
44

Елімізде 621 мың адам үй кезегінде тұр, оның ішінде 402 мыңы – әлеуметтік осал топтағы жандар, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол айтты. 

Олардың ішінде қолдау шаралары шеңберінде ең осал және тұрғын үй мәселелерін шешуге аса мұқтаж азаматтардың 4 санаты бар. Оларға көп балалы отбасылар (91 мың азамат), 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар (51 мың азамат), мүгедек балалары бар отбасылар (24 мың азамат), жетім балалар (61 мың азамат) жатады, - деді ол.

Комитет төрағасының айтуынша, әлеуметтік осал топтағы адамдардың тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу үшін тұрғын үй төлемдері енгізілген. Бұдан бөлек 2026 жылға қабылданған тұжырымдама аясында біртұтас тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу бойынша бірқатар өзгеріс енгізілген.

Біріншіден, жеңілдетілген несиелер бағдарламасы бойынша жергілікті атқарушы органдар салған әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді ғана сатып алуға болады. Екіншіден, қарыздың ең жоғары сомасы бойынша шектеулер алынып тасталды. Несие сомасы сатып алынатын тұрғын үйдің нақты ауданы бойынша айқындалатын болады, - деді Б. Қабдол.

Сонымен қатар кірісті растау бойынша шектеулер алынып тасталған. Десек те қатысушы төлем қабілеттілігін растауы тиіс.

Төртіншіден, қарыз алушының бастапқы жарнаны енгізуі сақталады. Бүгінгі таңда бұл шекті барлық қатысушылар үшін 10% мөлшерінде қарастырылған, - деді ведомство өкілі.

Барлық жаңалықтар