00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Құрдай жорғалатып жібере ме?»: белгілі қаламгер ресейліктерді күтіп алып жатқандар жайлы айтты

31.03.2023 | 17:28
Елорда ақпарат
51

Белгілі жазушы-журналист, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат мобилизация, ел мен жер, ұлттық мүдде жайында жазба жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанның теміржол вокзалдарында Ресейден қашып, босып келіп жатқандардың алдынан ыстық бауырсақ пен буы бұрқыраған ыстық шай алып шығып қарсы алушылар көбейіпті. Не деген қонақжайлылық, неткен дархандық десеңші?!. Осылар осы істерімен ҚР құқық бұзушылық әкімшілік кодексіне қарсы әрекет жасап жүргендерін біле ме екен өзі? 

Ойға түседі. Өзбекстаннан, Қытай мен Моңғолиядан, Ираннан қанша қазақ заңды түрде көшіп келді. Солардың алдынан құшағын жайып, аңқылдап шыққан қазақ, иә, еліміздегі өзге ұлт өкілі болды ма?

Қандастарымыз жүр Қазақстанның «жеті басты» айдаһарлары күзететін кеңселерге кіре алмай, кірсе, шаруасын бітіре алмай. 

Ау, дархан жүректі, аса қонақжай халқым! Өзгеге көл болып, өзіңе келгенде неге шөл бола қаласың? Әлде құлдығың ойыңа оралып, құрдай жорғалатып жібере ме сені? Солай сияқты..., - деп жазды Д.Қуат.

Барлық жаңалықтар