00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«3,5 мың литр»: елімізде суды күнделікті пайдалану деңгейі өте жоғары

31.03.2023 | 17:27
Айман Нығмет
20

Қазақстанда суды жан басына шаққандағы тұтыну әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Ал елде сумен жабдықтау тарифтері өте төмен, деп хабарлады Elorda.info Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Worldometers мәліметтері бойынша, Қазақстан, Орталық Азияның басқа елдері сияқты, суды тұтынудың аса үлкен көлемімен ерекшеленеді. Осылайша, елімізде жан басына шаққандағы суды күнделікті пайдалану деңгейі бірден 3,5 мың литрге жетеді. Көрші Ресейде бұл көрсеткіш тек 1,3 мың литр, Грузияда — 1,2 мың литр, Украинада — 604 литр, айталық, Ұлыбританияда — бір адамға тек 348 литр.

Зерттеу барысында 179 елдің ішіндегі ең төмен көрсеткіштер Африка елдерінде атап өтілді: атап айтқанда, соңғы орынға ие болған Конго Демократиялық Республикасында көрсеткіш жан басына шаққанда 34 литрді құрады.

Дегенмен, Қвазақстанда ағын су - әлемдегі ең арзан судың бірі. Су Пәкістанның Карачи қаласында  (бір текше метр ағын су үшін 0,08 евро), Египеттің астанасы Каирде (0,07 евро) және Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта (0,03 евро) арзан болды.

Әлемде ең қымбат су Норвегияның Осло қаласында анықталды, текше метр судың бағасы 5,51 евро болды. БҰҰ мәліметтері бойынша, бүгінде 2,2 миллиард адам таза ауыз суға қол жеткізе алмайды.

 

Барлық жаңалықтар