00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 292 млрд теңге жәрдемақы төленді

31.03.2023 | 17:18
Елорда ақпарат
57

Биылғы 8 айда қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 292 млрд теңгеден астам қаражат төленген, деп хабарлады Elorda.info.

Оның ішінде 2022 жылғы қыркүйек айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 28,9 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 8,4 млрд теңге бөлінді.

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 533,5 мың, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 180,1 мың адамға жетті.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады, – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мүгедектігіне байланысты төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері  54 208 теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы – 47 763 теңге.

Барлық жаңалықтар