00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ертең елордада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот басталады

31.03.2023 | 17:14
Елорда ақпарат
50

Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот болып жатыр, деп хабарлады Elorda.info қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс Байқоңыр ауданының № 2 сотында қаралып жатыр. Қайрат Сатыбалдыұлы «Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру», «Кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу, яғни өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адамның алдын ала сөз байласуы бойынша топтың жымқыру» баптары бойынша қылмыс жасады деп айыпталып жатыр.

Келесі сот отырысы ертең (20 қыркүйек - ред. ескерт.) онлайн режимде сағат 15:00-де өтеді. Процесс ашық, - деп хабарлады елорда сотының өкілдері.

Оқи отырыңыз: Қайрат Сатыбалдыұлы менің жан досым, оны жақсы көремін – Бекболат Тілеухан (ВИДЕО)

Еске салайық, 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-тың лауазымдық өкілетін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған болатын. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

Барлық жаңалықтар