00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жыл сайын медицина қызметкерлеріне қатысты 300-ге жуық қылмыстық іс қозғалады

31.03.2023 | 17:13
Елорда ақпарат
31

Бұл туралы бүгін Мәжілісте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Жыл сайын медицина қызметкерлеріне қатысты кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабы бойынша 300-ге жуық іс ашылады. Қылмыстық істер көбінесе хирургиялық бейіндегі өлім қаупі бар мамандарға қозғалады, - деді А.Ғиният.

Министрдің айтуынша, олардың ішінде акушер-гинекологтар – 14, хирургтар – 14, травматологтар – 8, анестезиологтар – 6.

Зардап шеккендердің пайдасына моральдық және материалдық залал өтемақысын төлеудің жалпы мөлшері 40 миллион теңгеден асты. Сақтандыру төлемдері соттың шешімі бойынша сақтандыру полисі болған кезде жүзеге асырылады, қылмыстық жауаптылық танылған жағдайда төленбейді. Осылайша, медициналық инцидент туындаған кезде медицина қызметкері жалақысының деңгейі пациенттің денсаулығына келтірілген зиянды өз бетінше өтеуге мүмкіндік бермейді, - деді министр.

Барлық жаңалықтар