00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Мәжілісте медқызметкерлердің мәртебесін арттыруға арналған заң жобасы таныстырылды

31.03.2023 | 17:13
Елорда ақпарат
43

Бүгін Мәжілісте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру» бойынша заң жобасын таныстырды, деп хабарлады Elorda.info.

Министрлік «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі.

Медицина қызметкерлерінің практикалық қызметі қоғамның игілігі үшін үнемі қауіп-қатермен байланысты мамандықтарға жатады. Күрделі және жауапты. Бірақ, өкінішке қарай, бұл ауыр еңбек көп бағаланбай отыр. Сондықтан да пациенттердің зиянды өтеу құқықтарын іске асыру үшін медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін міндетті (жүктелген – міндетті сақтандырудың бір түрі, егер міндеттеме тек жұмыс берушінің тарапынан ғана болса) сақтандыру жүйесін кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отырмыз, - деді министр.

Ажар Ғинияттың айтуынша, бұл реформа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ еліміздегі денсаулық сақтау саласының халықаралық аренадағы рейтингіне ықпал етеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасының негізгі мақсаты ретінде әзірленген заң жобасы медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға, пациенттердің құқықтарын қорғауға және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталып отыр, - деді А. Ғиният.

Барлық жаңалықтар