00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Шымкентте апалы-сіңлілер жасөспірім қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген

31.03.2023 | 17:10
Елорда ақпарат
37

Шымкентте апалы-сіңлілі үш қыз адам саудасымен айналысып келген. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыныстық сауда құрбандары арасында 17-25 жас аралығындағы 14 қыз бар, оның ішінде алтауы — кәмелетке толмағандар, деп хабарлады Elorda.info «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. 

Топтың кейбір мүшелері жас әйелдер мен қыздарды іздеумен айналысқан. Олармен танысып, сеніміне кіріп тәнін саудалауға тартқан. Жас қыздарды әлеуметтік желі арқылы Қазақстанның әр қалаларынан тапқан. Оларға билет сатып алу мен тұруға кеткен шығынды қылмыстық топтың ұйымдастырушылары төлеген. Топтың басқа мүшелері «әкімші» және «есепші» рөлін атқарған. Олар қыздардың тәртібін қадағалап, есеп пен касса жүргізіп, интернеттегі жарнамалар арқылы табылған «клиенттерді» қабылдаған. Бұл іске қатысты тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда күдікті деп танылған 11 адам Шымкент қаласындағы тергеу изоляторында қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша ұйымдасқан топ құру, оған басшылық ету және сол сияқты оған қатысу, адам саудасы, кәмелеттік жасқа толмаған адамды жезөкшелікке тарту. Притон ұйымдастыру, жеңгетайлық баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Барлық күдікті тұлғалар қамауға алынған, – дейді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің жедел уәкілі Нұрбол Ашақұлов.
 

Барлық жаңалықтар