00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жобаға 425 мыңнан астам адам қатысты

31.03.2023 | 17:07
Елорда ақпарат
45

Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 425,3 мың адам қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 297,9 мың адам жұмысқа орналасқан. Оның 181,9 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.   

Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 9,7 мың адам жіберілді.

Өз кәсібін бастау үшін 4,4 мың адам мемлекеттік грант алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 139,1 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 13,1 мың, жастар практикасымен 20,4 мың, қоғамдық жұмыстармен 100,5 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 3 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 329 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 1,8 мың адам жұмыспен қамтылды, – делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ қызмет саласын таңдау мақсатында 80,2 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті. 

Бұған дейін халықты жұмыспен қамтуға арналған шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. 2021 жылы бағдарламаға 651,8 мың адам қатысты.

Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды. Сондай-ақ оларға кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесие мен қайтарымсыз мемлекеттік грант беріліп, қолдау көрсетілді. Қысқа мерзімді курстарда және кәсіптік-техникалық ұйымдарда оқытылды.  

Бұдан бөлек, «Еңбек» бағдарламасындағы бағыттардың бірі аясында жұмыс күші көп аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға көшірілді.

Барлық жаңалықтар