00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Әкем түрмеде отырды»: атышулы Айжан Байзақова өміріндегі бар құпиясын жайып салды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 16:54
ҒаниАтымтай
48

Атышулы Айжан Байзақова жан сырын ақтарып, осы уақытқа дейін әкесі туралы неге айтпай келгенін түсіндірді, деп жазады Elorda.info.

«Әкең қайда? Оны неге көрсетпейсің?» деп көпшілігіңіз сұрайсыздар. Әкем түрмеде отырып, осыдан 1,5 жыл бұрын бостандыққа шықты. Түрмеде отыру бөлек, шыққаннан кейін мына әлемге бейімделу тағы бар. Өз тарапымнан оған қолдау көрсетуге тырыстым, бірақ ол қиын болды. Бәрін ашып айта алмаймын, бірақ ақырында біз бірге тұра алмадық. Менің құпиям сол, 1,5 жыл бойы әкеммен араласқан жоқпын. Енді онымен қайта араласуым керек деп шештім, өйткені біз туған адамдармыз. Бірақ ол менімен сөйлесуге дайын ба, білмеймін, - дейді ол.

Алайда ұлы Аланның бір ғана сұрағы блогерді есеңгіретіп жіберіпті. 

Ал жуырда Алан мені бір сұрағымен есеңгіретіп қойды: «Сенің әкең қайда?» - деді. Сол кезде менің әлсіз тұсым осы екенін түсіндім. Әкеммен араласпай, бұл туралы ешкімге айтпайтын болсам, өзімді құтқарамын деп ойладым. Шын мәнінде өзімді 48 келіге дейін жеткіздім, - деп ағынан жарылды блогер.

Оның айтуынша, бүгінде ол мүлдем тамақ іше алмай қалған, едәуір салмақ тастаған. Ақырында ауруханаға түскен Айжан «панкреатит» дертіне шалдыққанын білген. Қазіргі уақытта жағдайы жақсы. Ем-домын үйінде алып жатыр.

Барлық жаңалықтар