00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Әскери баспана» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталды

25.02.2023 | 14:36
Елорда ақпарат
39

Бағдарламаның шарттары биыл да өзгеріссіз қалды. Бастапқы жарна – 15 пайыз. Несиені 25 жылға дейін рәсімдеуге болады. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 8% (ЖТСМ 8,3%-дан бастап). Әскери қызметшілердің бірінші немесе екінші нарықтағы тұрғын үйді таңдауға құқы бар. Несиенің ең жоғарғы сомасы клиенттің таңдауы бойынша, екі нұсқаға сай есептелуі мүмкін: ай сайынғы тұрғын үй төлемдерінің және депозит бойынша жинақтың сомасына байланысты. Алайда 15%-дан кем емес немесе клиенттің нақты табысы мен шығындары ескеріледі.

Бағдарламаға қатысу туралы өтініштер 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде Баспана маркет otbasybank.kz порталында қабылданады. Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін автоматты түрде негізгі және резервтік тізімдер құрылады. Іріктеудегі жалғыз талап – арнайы депозит бойынша жинақталған сыйақы сомасы, яғни тұрақты түрде салымына қаражат жинағандардың негізгі тізімге кіру мүмкіндігі жоғары болмақ. Негізгі немесе резервтік тізімге өткенін немесе өтпегенін үміткерлер Баспана маркет порталындағы жеке кабинеттерінен көре алады.

Негізгі тізімге енген тұрғын үй төлемдерін алушылар 180 (жүз сексен) күнтізбелік күннің ішінде:

1. Банк бөлімшесінде, банк кеңесшілерінен немесе бейнебайланыс арқылы төлем қабілеттілігін алдын ала бағалаудан өтулері қажет;

2. Баспана тауып, оны бағалатуы қажет;

3. Банк бөлімшесінде, банк кеңесшілерінен немесе бейнебайланыс арқылы несие алуға өтініш беру қажет, – делінген «Отбасы банкі» АҚ ресми хабарламасында.

Бағдарлама іске қосылғалы бері 4 жылда 13 мың 378 әскери қызметші 258,4 млрд теңгеге түрғын үй заемын рәсімдеген.

2021 жылдың қорытындысы бойынша банк «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жалғыз акционеріне көрген пайдасының 50% көлемінде дивидендтер төледі. Қалған бөлігін банк өзінің жеке бағдарламаларын, соның ішінде «Әскери баспана» бағдарламасын жүзеге асыруға бағыттады. Соның арқасында өткен жылы тұрғын үй жәрдемақысын алған, Отбасы банкінде баспана алу үшін қаражат жинаған 3 318 қазақстандық әскери қызметші қолайлы шарттармен жалпы сомасы 77,4 млрд теңге несие алды, - деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Барлық жаңалықтар