00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Самұрық-Қазына» 12 мың бірінші сынып оқушысына сыйлық жасады

25.02.2023 | 14:11
Елорда ақпарат
40

Қайырымдылық бір өңірді ғана емес, Қазақстан аумағындағы 12 мың оқушыны қамтиды. Мысалы, атаулы көмек Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан мен Павлодар облысының, жаңадан құрылған Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының тізімдеріне сәйкес әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жіберіледі. Осылайша, әр өңірде мектеп табалдырығын аттағалы жатқан жас өрендерге «Самұрық-Қазына» АҚ кеңсе заттары салынған қоржын-сыйлықтардың жиынтығын жолдайды. 

Ал сыйлықтарды жеткізіп, тасымалдап, тапсырумен «Самұрық-Қазына» тобының волонтерлері мен қызметкерлері айналысады. Осы күні мектеп заттарын жеткізу аяқталып қойған, сыйлықты беру 19 тамыздан басталды. Игі іс 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Оң үрдіске бастама болған «Мектепке жол» акциясы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқанын айта кеткен жөн.

Барлық жаңалықтар