00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде мерекелер саны қысқара ма

25.02.2023 | 14:01
Елорда ақпарат
53

«Мерекелер туралы» заңға сәйкес, Қазақстанда ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелер тойланады. 

Ұлттық мерекелер – Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мейрамдау кезінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізіледі.

Мемлекеттік мерекелер – қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде ресми іс-шаралар өткізілуі мүмкін.

Кәсіби және өзге де мерекелер – ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.

Қазақстанда ұлттық және мемлекеттік мерекелерде ғана демалыс беріледі, – делінген хабарламада. 

Ведомстводан мәлім еткендей, демалыс және мекере күндері жұмысшыларға еңбекке қабілеттігін қалпына келтіру, демалу, денсаулығын және өзге де қажеттіліктерді өтеуге арналады. 

Азаматтардың конституциялық құқығын қорғау және тұрғындардың басым бөлігінің әлеуметтік қызығушылығын сақтау негізінде мереке күндерінің саны қысқармайды, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері. 

Барлық жаңалықтар