00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Биыл елімізге 200 мыңға жуық шетелдік турист келген

25.02.2023 | 13:43
Елорда ақпарат
41

2020 жылғы қарашада іске қосылған жүйе қазіргі уақытта республикалық маңызы бар 3 қаланы және 14 облыс орталығын қамтиды.

еQonaq жүйесі туристік ағымға талдау жүргізуге және көші-қон қызметін тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Мұнда 7 300-ден астам орналастыру орны тіркелген.

Биылдың өзінде статистикаға сай шетелдік туристер басым өңірлер қатарында:

- Алматы (73 012 адам);

- Нұр-Сұлтан (44 859 адам);

- Қызылорда облысы (9 735 адам);

- Маңғыстау облысы (9 384 адам) бар.

Олардың 67%-ын Ресей Федерациясынан, 16%-ын Өзбекстаннан, 6%-ын Түркиядан, 4%-ын ҚХР-дан және 7%-ын басқа мемлекеттерден келген туристер құрайды.

Айта кетейік, eQonaq.kz сайтында ай сайын шетелдік туристер бойынша статистикалық мәліметтер жарияланады.

Барлық жаңалықтар