00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Мүгедек жандардың құқығына қатысты 1,8 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды

25.02.2023 | 12:54
Елорда ақпарат
30

Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша жеті аудандық және қалалық әкімдіктердің қаулылары осы санаттағы адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын ұлғайту арқылы өзгертілді.

Қостанай облысында прокуратураның араласуынан кейін психоневрологиялық интернатта тұратын мүгедектігі бар адамға тиесілі пәтерге үшінші тұлғаның меншік құқығын тану туралы сот шешімінің күші жойылды.

Алматы қаласының прокуратурасы «Жанұя» мамандандырылған кешенінің 23 тәрбиеленушісіне асыраушысынан айрылу және мүгедектігі бойынша жәрдемақы осындай төлемдерге құқық алған сәттен бастап 5-10 жылдан кейін тағайындалғанын анықтады.

Қадағалау актісі бойынша кінәлі тұлғалар есебінен балаларға 10,6 млн теңге өтелді.

Мысалы, Қызылорда облысында әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өздерінің дәрменсіз қамқоршыларының дербес және биометриялық деректерін пайдалана отырып, өздеріне ақша қаражаттарын, зейнетақылар мен жәрдемақыларды аударған.

Аталған факті бойынша облыс прокуратурасымен ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тексеру нәтижесінде барлығы 336 қадағалау актісі енгізілді, 130 тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 65 тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 2 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті жерлердегі уәкілетті органдар прокурорлар анықтаған бұзушылықтарды жою және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін тиісті шаралар қабылдауға кірісті.

Барлық жаңалықтар