00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Рейтинг: Қазақстан денсаулық сақтау деңгейі бойынша нешінші орында тұр

25.02.2023 | 12:46
Айман Нығмет
76

Finprom.kz мәліметінше, денсаулық сақтау индексі-бұл денсаулық сақтау жүйесінің жалпы сапасын бағалау, медицина қызметкерлері, жабдықтар, қызметкерлер, дәрігерлер, шығындар және сауалнамалары негізінде жасалады. Ағымдағы индексті құру үшін (ол әрдайым жаңартылып отырады) соңғы 36 айдағы деректерді пайдаланады.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Денсаулық сақтау деңгейі бойынша Numbeo рейтингіне сәйкес 96 елдің ішінен 58-ші орынды иеленді.  

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 86,04 индексімен Тайвань (ҚХР) көш бастап тұр. Денсаулық сақтаудың үздік индексі бар үш елдің қатарына Оңтүстік Корея мен Жапония да кірді. Денсаулық сақтаудың ең нашар индексі — Мальтада. Одан кейін Венесуэла және Бангладеште байқалды.

ЕАЭО елдері бойынша жағдай мынадай: Ресей 59 орын, Армения 72-орын, ал Беларусь 92 орында тұр.

Барлық жаңалықтар