00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елде маусым айынан бері 140 адам суға кеткен

25.02.2023 | 12:41
Елорда ақпарат
32

Жауапты органдар бейбіт күнде азаматтарымыздың өзен-суға батып жатқанына қарап отырмауы керек. Былтырмен салыстырғанда адамдардың суға батуы 42%-ке қысқарған. Сонда да бұл көрсеткіш өте жоғары деп санаймын. Ел азаматтары балалар қауіпсіздігіне сақ болуы қажет. Біз қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін барлық шараны қабылдауымыз керек, - деді Ә.Смайылов.

Үкімет отырысында премьер-министр шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шараларына тоқталып өтті.

Төтенше жағдайлар, Экология министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді, онда құтқарушылардың болуын бақылауды тапсырамын. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізіп, суға түсуге болмайтын жерлерді анық белгілеу қажет, – деді Үкімет басшысы.

Барлық жаңалықтар