00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жексенбі күні 27 ауылдық округтің әкімі сайланбақ

25.02.2023 | 12:30
Елорда ақпарат
22

Олардың 215-і – өзін-өзі ұсынушылар, 116 қайта сайланған әкім– әйелдер.

Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, ауыл әкімдерінің корпусы 55,6% -ға жаңартылған, яғни 608-і жаңадан сайланған басшылар.

Олардың басым бөлігі бұрын-соңды мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Ауыл тұрғындарының қолдауына мұғалімдер, дәрігерлер, бизнесмендер, жергілікті кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының басшылары ие болды. Жаңа әкімдердің басым бөлігі Маңғыстау – 77,8% (18 – ден 14-і), Қарағанды – 77,2% (79-дан 61-і) және Жамбыл-71% (72-ден 51-і) облыстарында сайланды. Осы жексенбі, 31 шілдеде 27 ауылдық округте сайлау өтеді. Ал жыл соңына дейін тағы 214 ауыл басшысы сайланады. 1037 ауылдық округте сайлау 2023 және 2024 жылдарға белгіленген, – деп жазды Ерлан Қарин.

Сонымен қатар алдағы уақытта аудан әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу жоспарланып отырғаны белгілі болды. Бұған қоса жаңа конституциялық реформаға сәйкес, қазір облыс әкімдері облыс мәслихаттары депутаттарының дауыс беру қорытындысы бойынша тағайындалады.

Осылайша, еліміздің саяси жүйесі дәйекті түрде қайта құрылуда, мемлекеттік басқаруға демократияның жаңа құралдары енгізілуде, – деп сөзін түйіндеді мемлекеттік кеңесші.   

Барлық жаңалықтар