00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде адам саудасына байланысты қандай қылмыстар анықталды

25.02.2023 | 12:08
Елорда ақпарат
46

Өкілетті органдар бұл салада тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Осы орайда министрлік жүйелі түрде республикалық әрі жедел алдын алу іс-шараларын өткізіп тұрады. Жалпы жыл сайын осы санаттағы 100-ге дейін сотқа дейінгі тергеу тіркеліп отыр, - деді Қ. Нұрмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел отырысында.

Оның айтуынша, басқа елдерге адамдарды заңсыз шығарумен айналысып келген ұйымдасқан топтардың әрекеттеріне тосқауыл қойылып келеді.

2021 жылдың желтоқсан айында трансұлттық қылмыстық топтың 17 мүшесі түрлі мерзімге жазаға тартылды. Олар адам саудасымен айналысқан және адамдарды Бахрейн Корольдігіне жеткізіп отырған, - деді ол.

БҰҰ мәліметтері бойынша, адам саудасының көп тараған түрі – жыныстық қанау. Осы орайда адам трафигіне байланысты жағдайлардың 54 пайызы аталған қылмысқа тиесілі.

Елімізде де адам саудасында әйелдерді сексуалды мақсатта пайдалану түрі кеңінен тараған. Ал ер адамдарды мәжбүрлі түрде жұмысқа салады. Сонымен қатар, асырап алу үшін нәрестелер мен бүлдіршіндерді сату фактілері де анықталып жатыр, - деді Қанат Нұрмағамбетов.

Барлық жаңалықтар