00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Asar joly» қайырымдылық марафоны еріктілері еліміздің барлық өңірін аралайды (ФОТО)

25.02.2023 | 11:21
Елорда ақпарат
47

Бұл жоба Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың тікелей қолдауымен, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің атсалысуымен жүзеге асып жатыр және алдағы уақытта еліміздің жиырма өңірінде жалғасын табады.

Мұндай жобаларды қолдау менің тікелей міндетім. «Asar joly» жобасына еліміздегі әкімдіктердің барлығы көмектеседі. Өткенде соған байланысты арнайы отырыс өткіздік, әкімдермен келістім. Бұл – кірістерді көбейту бағытындағы бір ғана үлкен жоба. Осындай жобаларды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қолдайық, - деді вице-премьер.

«Asar joly» жобасының мақсаты – 20 мың шақырым жол жүріп, бүкіл елімізді аралап, барлық қалаларымызға соғып, ата-бабамыздан қалған жолды қуып, жақсылықта жарысып, мұқтаждарға пана беріп, қол ұшын созып, жас балаларға, қиыншылықта жүрген отбасыларға мотивация беру. Ел бойынша елу шақты отбасын баспаналы етуді жоспарлап отырмыз. Одан басқа, жұмыспен, біліммен, кәсіппен көмектесу ойымызда бар, - дейді қайырымдылық қорының жетекшісі Асхат Нұрмашев.

 

«Asar joly» қайырымдылық марафоны аясында еріктілер 20 өңірді екі жарым айда аралап шығуды жоспарлап отыр.

Қор жетекшісінің айтуынша, үш жылда еріктілер 440 отбасыға баспана сыйлаған. 

Ендігі мақсат мұқтаж адамдарға мотивация, сенім беріп, оларды ояту. Біздің басты мақсат – баспана беріп қана қоймай, сол баспана берген отбасылар өздері байып, басқаларға көмектесуін қамтамасыз ету, - дейді Асхат Нұрмашев.

Айта кетейік, бұл іс-шараға министрлік өкілдері, блогерлер, өнер адамдары, елорда қонақтарынан бөлек, Қазақстанның әр өңіріндегі «Asar Ume» қайырымдылық қорының еріктілері де келді.

Іс-шараға қатысқан қонақтар ұлттық ойындарды тамашалап, асық ойнады, концерт көрді.

 

Барлық жаңалықтар