00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы қала тұрғындарына үндеу жасады

25.02.2023 | 09:53
Елорда ақпарат
40

Митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңмен реттелетініне азаматтардың назарын аударамыз.

Жиналыстарды, митингілер мен пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау тәртібі көзделген.

Заңды бұза отырып жүргізілген митингілерді ұйымдастыру және оларға қатысу (3 баптың 3 тармағы) құқыққа қайшы болып табылады және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488 бабы бойынша 25 тәулікке дейін қамауға алуға дейін әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүретін болса, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды, ол айыппұл не 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді.

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы елорда азаматтарын қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, жекелеген адамдардың арандатуына бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады.

Құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқықбұзушылықтың жолын кеседі, сондай-ақ оларға жол бермеу жөнінде заңда көзделген шараларды қолданады.

 

          

Барлық жаңалықтар