00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қарттар мен мүгедектердің қолқанаты - «Мархабат.kz»

Жақсылық жасау, қиналғанға көмектесу қазақ халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігінде көрініс табады. Үлкенге құрмет немесе жасы кішіге ізет білдіру біздің халық үшін қалыптасқан жақсы әдеттің бірі. Бүгінде жақсылық жасаудың осынау үлгісі мемлекеттік маңызға ие бола бастады. Оған өткен 2020 жылдың «Еріктілер жылы» болуы дәлел бола алады.

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында дүниеге келген Дарын Сагдолдин 2020 жылдың 16 наурызынан бастап мүгедектер қоғамын басқарады.

«Мархабат.KZ» Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі 2019 жылы ақпан айында құрылды. Бастапқыда бірлестік құру туралы ой келгенде жақын таныстырым бұл бастаманы бірден қолдап кетті. Қоғамдық бірлестік  алғашында Шығыс Қазақстан облысы бойынша адам саудасы құрбандарын оңалту орталығы болып жұмысын бастады. Кейін мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызбасты қарт адамдарға көмектесе бастадық, - дейді бірлестік басшысы Дарын Акрамханұлы.

Алғашқы еңбек жолын  жеке кәсіпкерліктен бастаған бірлестік басшысы білім алған мамандығы бойынша инженер әрі экономист. Өнер жолында жұмыс істеп,  Өскемен қаласында «Найман» атты дауыз жазу студиясын ашқан. Еңбек жолын шығармашылық салада бастап, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға ат салысқан.

Мен бірден ерікті болуға шешім қабылдаған жоқпын. Бұл жолды таңдауға отбасым әсер етті деп айтуға болады. Әкем әрқашан адамдарға көмектесуге мүмкіндік болса қалыс қалма деп айтатын. Қаржылай мүмкіндік болса қоғамда мұқтаж адамдарға әрқашан көмектесуге тырысамын, дейді Дарын Сагдолдин.

Мүгедектер қоғамы өз қызметін Өскемен қаласында бастады. Қазіргі таңда100-ге жуық адамды жұмысқа орналастырды. Бірлестік мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары үшін жұмыс орындарын құрып, әлеуметтік мәселеге бей-жай қарамайды. 2020 жылдан бастап үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шеңберінде 752 адамға көмек көрсетеді.

Бірлестік 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық ашты. Орталық  2 жастан 16 жасқа дейінгі 60 мүмкіндігі шектеулі балаларға  тегін түрде психологиялық-педагогикалық  қолдау білдіреді. Өткен жылы үкіметтік емес ұйымдарға арналған «халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау» бағыты бойынша қарттар үйлеріне, орталықтарға  еріктілерді тарту бойынша мемлекеттік грант ұтып алды.

Бірлестік басшысының айтуы бойынша, «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы аясында 5000-нан астам қарт адамдарға көмек көрсетіліпті. 2021 жылы қарттар айлығында мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерінің қызмет алушылары үшін 34 қайырымдылық концертін ұйымдастырған.

Мүмкіндігі шектеулі жан немесе қарт адам әрқашан қоғам тарапынан көмекті қажет етеді. Оларға көңіл бөлсек,  психологиялық тұрғыдан көңіл-күйіне жақсы әсер қалдырамыз. Осы тұрғыда ерікті болу оңай деп айтуға болмайды. Ерікті әр адамның жан дүниесін түсіне білуі қажет. Сол кезде ғана біз әлеуметтік осал топ жандырының өмірінде ерекше орын аламыз, дейді бірлестік басшысы.

Қазіргі таңда Өскемен қаласындағы «Мархабат.KZ»Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі қарт адамдарға көмек көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерге талдау жүргізуде. Зерттеу нәтижесі арқылы қарттар  мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға ұзақ мерзімді күтім жасау әдістемесі жасалады. Бірлестік осы тақырып бойынша тағы да мемлекеттік грантты жеңіп алды.

 

Барлық жаңалықтар